RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында жыл басынан бері 130 мың түп тал егілді

26.04.2025, 21:10 493

Жамбыл облысында жыл басынан бері 130 мың түп ағаш егілді. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында апта сайын жалғасын тауып жатыр. Бүгін облыстағы барлық басқарма мен аудандағы мемлекеттік мекеме мамандары жаппай сенбілікке шықты. Экологиялық шараға 3 мыңға жуық адам қатысты.

Тараздағы ауқымды шараға 15 басқарма мамадары мен өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты. Бұл жолғы акциядан тәртіп сақшылары да тыс қалмады. Облыстық есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен өзге де мекемелердің 50-ден астам маманы «Бәйтерек» шағын ауданын тазартты.

Абылай Есболатов, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

- Тазалық деген ол негізі әр адамның, әр жеке тұлғаның өзінен басталады. Алдағы уақытта табиғатты аялау барысында біз аянып қалмаймыз, көптеген талды отырғызамыз. Әрине, бұл табиғатты аялау әр азаматтың борышы деп санаймын.

Ал 500-ге жуық мемлекеттік мекеме мамандары Талас өзенінің жағалауын ретке келтірді. Ал Президент саябағында түрлі гүлдің 1000 түп көшеті егілді. Жалпы Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктемгі екі айлық тазалық жұмыстары жарияланған. Осы уақыт ішінде 146 мың гүл мен 4 мың тал көшеті тамыр жая бастады.

Нұрсұлтан Исабеков, қала әкімінің орынбасары:

- Қала аумағында жалпы 15 километр арық жүйелері тазаланды. Сонымен қатар 8 каналымыз бар қала аумағында және де дренаж каналдарымыздың бәрі толығымен тазаланды. Сондай-ақ қала аумағынан 1500 тонна қоқыс белгіленген аумаққа шығарылды.

Санитарлық тазалық жұмыстары аудандарда да жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері аймақта 350 шақырым канал мен 2,5 мың шақырым көше бой ықоқыстан тазартылды. 130 мыңға жуық тал-дарақ егіліп, 2,5 мың түп ағаш бұталды.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz