RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында 2,3 млн түп көшет отырғызылды

26.04.2025, 21:20 463

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ақмола облысында да белсенді өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Бүгін Аршалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағына 100-ден астам қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.

Сенбілікке аудан тұрғындары, еріктілер және еңбек ұжымдары қатысты. Іс-шараны бастап берген облыс әкімі Марат Ахметжанов «Таза Қазақстан» – тек қоқыс жинау ғана емес, бұл сана-сезімнің жаңғыруы, әр адамның туған жеріне деген жанашырлық сезімін ояту екенін атап өтті.

Жыл басынан бері бұл өңірде 340 гектар жерге 2,3 миллион түп көшет отырғызылған. Ал жыл соңына дейін 2000 гектар аумаққа 14 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Айдана Сембиева, Аршалы ауданының тұрғыны:

- Ағаш отырғызу – біздің келешек ұрпаққа қалдыратын аманатымыз. Яғни жастар, барлығы осы акцияға бірігіп қатысып жатыр ғой. Бұл жастар үшін, аудан тұрғындары үшін ең маңызды бастамалардың бірі. Туған еліміздің  экологиясын жақсартуға әрбір тұрғын өзінің үлесін қосса екен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz