RU
Толық нұсқаға өту

Түркістандық студенттер Қарашық өзенінің жағалауын қоқыстан тазалады

30.04.2025, 21:23 617

Шомылу маусымы қарсаңында түркістандық студенттер Қарашық өзенінің айналасын қоқыстан тазалап шықты, деп хабарлайды 24kz.

«Таза Қазасқатн» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» іс-шарасына 2 жоғары оқу орны мен 7 колледжден 500-ден аса студент қатысты. Жергілікті мәслихаттың жас депутаттары да үлес қосты. Қарашық өзенінің бойына демалыс күндері жүздеген адам барады. Сондықтан қала билігі алдағы уақытта да тазалық шарасын өткізуді жоспарлап отыр. «Бұл шара жастардың табиғатқа жанашырлығын арттырып, тазалық пен тәртіпке баулу мақсатында ұйымдастырылды», - дейді жауаптылар.  

Аружан Берікқызы, студент:

- Өзеннің жағасын, жан-жағымызды тазалап жатырмыз. Болашақ жастардың қолында, біз жастар өзімізге сенеміз. Түркістанның көркеюіне атсалысамыз, дамығанын, таза болғанын қалаймыз. Өнегелі қала болғанан кейін туристеріміз көп келіп жатыр. Біз оған өте қуаныштымыз. Туристерге де жайлы, таза көрінгенін қалаймыз.

Нұрсұлтан Үмбетұлы, қалалық мәслихат депутаты:

- Бұл дегеніміз, Түркістан қаламызға, жерімізге біздің жастарымыздың экологиялық акцияға дайын екенін, тазалыққа жақынын екенін, әрдайым елін, жерін ойлайтынын көріп отырмыз. Бұл акцияға біз тек қана жастарды ғана емес, Түркістан қаламыздың, еліміздің азаматтарын шақырамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz