«AMANAT» партиясы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік ағашы» экологиялық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды 24KZ. Оған еліміздің барлық өңірінен 10 мыңға жуық азамат қатысты.
Табиғат жанашырлары Каспий теңізінің жағалауынан бастап Іле Алатауының шатқалдарына дейін көшелер мен тарихи ескерткіштер, табиғи аумақтарды тазалады. Жалпы партия өкілдері Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жобасына белсенді атсалысып келеді. Осылайша 4 миллионнан астам адам 1,5 млн тонна қоқыс жинады, 3,3 млн-нан аса ағаш екті.
Дәулет Кәрібек, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:
- Мереке қарсаңында біз Астана қаласында ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінде үлкен ағаш отырғызу акциясын бастап жатырмыз. Акцияның атында осы «Таза Қазақстан» ұлттық жобасының аясында «Бірлік ағашы» деп алып отырмыз. Мемлекет басшысының өзі айтқандай, «Таза Қазақстан» біздің күнделікті әдетімізге айналуы қажет. Ол айналамыздағы жауапкершілікпен, жұмысымыздағы жауапкершілікпен осы біздің Қазақстан атты шаңырақтың астында бірге өмір сүріп жатқан әрбір ұлттың өкілдері достық, бірлік ағаштарын отырғызып жатыр.
Тегтер #AMANAT партиясы #экологиялық акция #Таза Қазақстан #24KZ #ҚХА 30 #1 мамырPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz