RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде топырағы тозған аймақтарға орман отырғызу басталады

01.05.2025, 19:46 459

Мамырдың бірінен бастап елдегі топырағы тозған аймақтарға орман отырғызу науқаны басталады.  

Яғни ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлерге 3,5 млн көшет егіледі. Бастама аясында 30 жылда 1 млн тонна көміртегі диоксидін жұтып, жердің құнарын арттыруды көзделіп отыр. Тұқымбақта тамшылатып суғару әдісі пайдаланылады. Ол үшін арнайы жол картасы әзірленген. Ал мүдделі органдар жобаны қаржыландыру мен инфрақұрылымды тарту мәселесімен айналысады. Осылайша БҰҰ айқындаған тұрақты дамудың алты бірдей мақсат-міндеті қамтылмақ. Оның ішінде климаттың өзгеруіне байланысты экожүйені қалыпқа келтіріп, халықты жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz