RU
Толық нұсқаға өту

Кентауда жастар мен еріктілер плоггингтен жарысты

05.05.2025, 12:55 530

Түркістан облысының Кентау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тың форматта ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ. Табиғатты аялауға бағытталған бұл шарада тазалық жұмыстары әдеттегі сенбіліктен өзгеше. Қатысушылар плоггинг форматында, яғни жүгіріп жүріп қоқыс жинаудан сайысқа түсті.

Акцияға мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, спортшылар, қалалық мәслихат депутаттары, колледж студенттері мен еріктілерден құралған 35 команда қатысты. Іс-шараның негізгі алаңы табиғаты көркем Қаратау қорығының аумағы болды. Барлығы 500-ге жуық адам қатысқан акцияға 15 арнайы техника тартылып, жалпы саны 450 қап қоқыс шығарылды. Іс-шара соңында Кентау қаласының әкімі табиғатты қорғауға белсене қатысқан азаматтарға алғыс хаттар мен құнды сыйлықтар табыстады.

Ұлбала Мұсаханова, Кентау қаласының тұрғыны:

- Жалпы бұл плоггинг сайысы – жүгіріп жүріп, қоқысты талау. Өзімде соған қатыстым. Қазір қаншама қоқыс жиналды. Әлемдік деңгейде тек қана біліммен емес, өнеркәсіп, экономикамен емес, осындай тазалығымызбен де, салауатты адамдарымызбен де біз жарыса аламыз. Сондықтан баршаңызды осы акцияға қатысуға шақырамын.

Жандос Тасов, Кентау қаласының әкімі:

- Экологиялық шараға жаңаша бір көзқарас, жаңаша бір бастау деп білеміз. Өйткені қоқысты жинау арқылы жарысты ойын түрінде өткізу өзіміздің жастарды, қала тұрғындарын осы экологиялық акцияға, тазалықты сақтауға бірден-бір себеп болады деп ойлаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz