RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысындағы Сарайшық қалашығының аумағына 100 шақты тал егілді

05.05.2025, 21:21 453

Атырау облысындағы көне Сарайшық қалашығының маңына жүзге жуық тал егілді, деп хабарлайды 24kz.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Тарихи мекенді тамашалауға келген туристерге жайлы жағдай жасау үшін мұнда қара тал ғана емес, жеміс ағаштары да егілген. Оларды күтіп-баптауға да ерекше көңіл бөлінеді. ««Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында мұндай іс-шаралар әлі де жалғасады», - дейді ұйымдастырушылар.

Арман Әділғалиев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Негізгі мақсатымыз – «Таза Қазақстан» акциясы аясында өзіміздің туған жерімізді көгалдандыру, көркейту бағытында атсалысу. Осы ауылды таңдаған себебіміз ортағасырлық Сарайшық туристердің орталығы. Туристеріміз, қонақтарымыз көп келеді. Сондықтан орталықтың жайқалып тұруы біздер үшін маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz