Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының аумағына еріктілер 1000 көшет екті, деп хабарлайды 24kz.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы көгалдандыру шарасына 130 адам қатысты. Олардың арасында студенттер мен аудан тұрғындары бар. Белсенділер ең алдымен Қасым Қайсенов кентіндегі батырлар аллеясы аумағына, шырша мен мойыл егіп шықты. «Болашақта осы мемориал маңы баққа айналса, еңбектің ақталғаны», - дейді олар. Ал жастардың тағы бір тобы, кент ішін күл-қоқыстан тазалады. Сібе көлдерінің жағалауы да қоқыстан тазартылып, туристік маусымға дайындық жасалды.
Анар Серғазина, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
- Студенттер тек көшет егумен шектелген жоқ. Үш топқа бөлініп, Төлеген Тоқтаров, Ізғұтты Айтықов ауылы мен Қасым Қайсенов кентінде тазалық шараларын өткізді. Жастар бұл істе өте үлкен жауапкершілік танытты. Өздерінен кейінгі бауырларына үлгі өнеге көрсетті. Тіпті осы ауыл тұрғындарына арнап концерттік бағдарлама да ұйымдастырды.
Тегтер #Шығыс Қазақстан облысы #көшет егу #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz