Тараздық жастар қала көшелерін қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24KZ. Арық-атыздардың ішіне жиналған қалдықтарды жинап, қураған ағаштарды кесті.
Белсенділер Әйтиев көшесінің бір шақырымын тұрмыстық қалдықтан тазалады. Соңында аудан жастарына челленж жолдады. Осылайша экологиялық шара алдағы күндері 10 ауданда жалғасады. Жалпы жыл басынан бері аймақта 350 шақырым канал мен 2,5 мың шақырым көше тазартылды. Ал көктемнен бері 140 мыңға жуық тал егілді.
Айбек Қадыралиев, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:
- Әрбір ауданның, ауылдың жастары «Тазалық – өзіміздің ауламыздан басталады» деген арнайы жобамызды да қолға алып жатырмыз. Оған облыс жастары, жастар ресурстық орталықтары арнайы атсалысып, осы бір үлкен акцияға өздерінің үлестерін жан-жақты, күнделікті қосып жүр.
Тегтер #Таза Қазақстан #Тараз жастары #экологиялық акция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz