RU
Толық нұсқаға өту

Елде төрт су қоймасының құрылысы басталады

12.05.2025, 13:00 360

Биыл еліміздің үш өңірінде 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады.

Оның үшеуі оңтүстік өңірлерде салынады. Бұл нысандар 22,5 мың гектар суармалы жердің вегетациялық кезеңіндегі су тапшылығын өтеуге бағытталады. Ал төртіншісі Батыс Қазақстан облысында бой көтеріп, ол тасқын және еріген суларды жинауға, сондай-ақ Қазталов ауданындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға мүмкіндік бермек. Су ресурстары және ирригация министрінің сөзінше, жаңа нысандар Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асады. Яғни қазір аталған жобалардың ауқымдылығы мен өңірлерге қажетті инвестиция көлемін ескере отырып, шетелдік қаржы институттарын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде Ислам даму банкінің Директорлар кеңесі 3 миллиард долларға жуықтайтын несие мен грант бөлуді көздеп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz