Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кезекті экологиялық сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.
«GreenSteppe» атауымен өткен шараға 20-дан астам студент жастар белсенді қатысып, табиғатқа жанашырлық танытты. Олар Текелі қаласында туристер жиі келетін аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғат аясын қалпына келтіруге күш салды.
Атап айтқанда, еліміздегі ең ұзын көшелердің бірі – Дінмұхамед Қонаев көшесінің бойындағы демалыс аймақтарын тазалап, көркейту жұмыстарына қатысты. Мамандардың мәліметінше, биыл өңірде өткен экологиялық акцияларға 17 мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде 1209 тонна қоқыс шығарылып, 132 саябақ тазартылған. Сонымен қатар табиғат қорын байыту мақсатында 17 мыңнан аса көшет егілген.
Арнай Байжұрынов, «Жетісу жастары» КММ директорының орынбасары:
- Тазалықты сананың тазалығы деп түсінеміз. Сол себепті жастарға «Таза Қазақстан» дегенді сананы тазарту мақсатында осындай қоқысты жинап жүру идеясын кеңінен таратуға басты назар аударып отырмыз. Бұл жоба осы көше 38 шақырымға созылған ғой көше бойындағы туристік аймақтарда өз жалғасын табады.
Тегтер #Жетісу #Экоакция #сенбілік #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz