Су ресурстары және ирригация министрлігі Қырғыз Республикасымен Киров су қоймасынан су ағызуды одан әрі ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізуде.
Жамбыл облысында биыл ауа-райының ыстық болуына байланысты суару маусымы 25 күнге ерте басталды. Жауын-шашынның болмауы суармалы суға сұранысты өткен жылдармен салыстырғанда 2 есе арттырды. Бүгінгі таңда 15 мың гектарға жуық егіс алқабы суарылды. Жергілікті шаруаларды сумен қамтамасыз ету үшін Киров су қоймасынан келетін судың есебінен Базарбай каналындағы су көлемі екі есеге ұлғайтылып, секундына 7 текше метрге жетті.
Алмас Мұсабеков, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі:
- 2025 жылдың мамыр айына бекітілген кесте бойынша Киров су қоймасынан су ағызу 25 м³/с құрауы керек болса, Қазақстан тарапының өтінішімен қазір іс жүзінде 30 м³/с су ағызылуда. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі Қырғыз Республикасымен Киров су қоймасынан су ағызуды одан әрі ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізуде.
Тегтер #Қырғыз Республикасы #су қоймалары #Келіссөз #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz