RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте гүл егу жұмыстары басталды

13.05.2025, 21:00 624

Шымкентте  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 1 миллион 200 мың гүл егіледі.

Маусымдық гүлдер орталық көшелердің бойы мен ғимараттардың алдына егілмек. Коммуналдық сала қызметкерлері еріктілермен бірлесіп Арғынбеков атындағы көшені көгалдандыруды бастады. Жасыл желекті әзірге су таситын көліктердің көмегімен суарып жатыр. Жайлы ортаны дамыту басқармасы мамандарының мәлімдеуінше, жақында бұл ауданда 9 ұңғыма іске қосылады. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң 7 шақырым аумақ автоматты суару жүйесімен қамтылады. Екі мыңнан астам шынар  егілген Тұран және Шымсити шағын аудандарында жаңа ұңғымалар қазылды. Мамандар  «ұзақ жасайтын шынар ағашы оңтүстік өңірдің климатына өте қолайлы» дейді. Мегаполисте көгалдандырумен қатар тазалық жұмыстары да қатар жүріп жатыр.

Исатөре Абдолла, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының  бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Бізде «Таза Қазақстан» акциясы наурыз айынан бастап жылдың соңына дейін атқарылатын болады. Ауқымды сенбілік шаралары өткізіліп жатыр. Сенбіліктер өзі санатқа бөлінген. Кейбір кездері өзен жағалауын тазалау, қалдықтарды алып тастау, ағаштарды әктеу, шөптерді ору және т.б. санитарлық тазалық жұмыстары атқарылып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz