Оралдық белсенді жастар Зашаған кентіне қарасты Коминтерн ықшам ауданының іргесіндегі Анискин көлінің жағасын күл-қоқыстан тазалады.
"Таза Қазақстан" экоакицсяны «Жастар рухы» жастар қанатының мүщелері мен медициналық колледжден 60-тан астам студент қатысты. Олар жағалаудағы тұрмыстық қатты қалдықты жинап, жүздеген қапшыққа салып, арнайы көлікке тиеді. Жастардың қызығушылығын арттыру үшін экологиялық сенбілікті байқау түрінде өткіздік, дейді ұйымдастырушылар.
Архат Ислямғали, «Жастар рухы» Жастар қанаты БҚОФ Төрағасы:
- Әр сенбілік жастардың қатысуымен болғаннан кейін бірінен бірі өзгеше қылуға тырысамыз. Бүгін әдеттегідей сенбілік емес, байқау ретінде үздік қоқыс жинаған, сенбілік аясында өзін жоғары деңгейде көрсеткен жастарға арнайы сыйлығымыз бар. Яғни бұл енді жастарды ынталандыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстың бірі деп айта аламыз.
Тегтер #Орал #Таза Қазақстан #24KZ #жастар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz