RU
Толық нұсқаға өту

Жайық-Каспий бассейнінде балық аулауға уақытша тыйым салынады

14.05.2025, 13:48 563

Климаттық өзгерістердің алдын алу үшін табиғатқа залал келтіруге жол бермеу қажет. 15 мамырдан бастап Жайық-Каспий бассейнінде балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлайды 24kz.

Жайық өзенінде 15 мамыр мен 15 маусым аралығында, Қиғаш өзенінде 20 мамырға дейін  қармақ салуға шектеу қойылады. Бұл – су айдындарындағы балық қорын молайту шарасы. «Бекіре-2025» акциясы басталғалы Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында балықты заңыз аулауға қатысты 702 дерек тіркелген. Браконьерлерге 12,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 21 іс сотқа жолданды.

Рүстем Қорқытов, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы:

- Шара барысында 3 тоннаға жуық балық заңсыз айналымнан алынды. Оның 584 келісі бекіре тұқымдастарға жатады. Сондай-ақ браконьерлерден 154 ау-құрал мен 29 су көлігі тәркіленді. Рейдтік шаралар нәтижесінде өзендер мен Каспий теңізі акваториясынан 450 заңсыз құралдар шығарылды. Бұл жұмыстарды мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бақылауда ұстап отыр. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz