Петропавлда отбасы күніне орай оқушылар жанұясымен бірге орталық саябаққа жиналып, алма, шие, қарағай және терек көшеттерін екті, деп хабарлайды 24kz.
Экологиялық акцияға 60 отбасы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара ұрпақ сабақтастығын нығайтып, табиғатты қорғауға үндейді. Қатысушылар жұртшылық серуендейтін орынды жасыл желекке бөлеп, айналасын абаттандырды. Жалпы биыл Петропавлда 2 мыңнан аса ағаш егіледі деп жоспарланып отыр.
Ғалия Өмірбекова, қала тұрғыны:
- Бүгінгі мерекеге өзімнің баламен, келініммен, немереммен келіп, осы аллеяға ағаш отырғызып жатырмыз. Ондағы мақсат – ертең осы ағаш мәуелеп өскен уақытта ұрпақ сабақтастығы болып, бүгінгі күнді естеріне алып отырады
Күлімкөз Смаилова, мектеп директоры:
- Осы жерге жиналған аталар, әжелер, әкелер, аналар кішкентай өзінің балаларына үлгі болатындай ағаш отырғызып жатыр. Ол керемет, менің ойымша, баланың есінде өте жақсы көп жылдарға сақталады. Ол мүмкін барлық өміріне жақсы септігін тигізер.
Тегтер #Петропавл #Отбасы күні #саябақ #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz