RU
Толық нұсқаға өту
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қар барысы Катон-Қарағай ұлттық паркінде фототұзаққа түсті

16.05.2025, 10:50 571

Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түсті. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.

Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz