RU
Толық нұсқаға өту

Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңі қолға алынады

16.05.2025, 11:30 506

Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңі қолға алынбақ, деп хабарлайды 24KZ. Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахба кездесті.

Қазіргі уақытта министрлік жобаның екінші кезеңіне қатысты техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Онда Көкарал бөгетін қайта жаңғырту және Балтық жүйесі бойынша теңіз деңгейін 44 метрге дейін көтеру, сондай-ақ Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйелеріндегі су ресурстарын тұрақтандыру үшін Аманөткел ауылы маңында гидроторап салу қарастырылған. Нәтижесінде Солтүстік Аралдың су айдынының ауданы 3913 шаршы шақырымға дейін ұлғайып, су көлемі 34 текше шақырымға жетеді. Теңіздің бұл деңгейге дейін толуы үшін 4-5 жыл қажет.

Самех Вахба, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры:

- Бүгін біз балық өңдеу зауытын аралап, жобаны жүзеге асырғаннан кейін өңірде қаншама жұмыс орны ашылатынын өз көзімізбен көрдік. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және туризм сияқты басқа салаларда да жұмыспен қамту мүмкіндіктері пайда болады. Осылайша жоба жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Солтүстік Аралды сақтау жобасы біз үшін өте маңызды. Өйткені ол бүкіл әлемге тұтас бір экожүйені қалпына келтірудің нақты үлгісін көрсетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz