Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.
Шара аясында Бәйтерек ауылындағы №148 мектеп ауласында ағаш егіліп, «Жасыл мекен» экокабинетіне экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар қайта өңделген қалдықтардан жасалған бұйымдар көрмесін өткізді. Тазалық шарасы Шиелі кентіндегі «Руханият» орталығы маңында жалғасты. Ерікті жастар тағзым алаңын да ретке келтірді. Акцияға оқушылармен бірге жергілікті тұрғындар да қатысты.
Айжан Қарекеева, мектеп директоры:
- Біздің меңтебімізде “Таза Қазақстан” акциясы жобасы бойынша үш бағытта жұмыс жасалпды. Оның біреуі бізде арнайы «Жасыл мекен» экокабинеті ашылған. Сол кабинетте оқушыларымыз жасыл желекті баптауды, өсіруді, өңдеуді, тірі жәндіктерге қалай қарауға болатынын үйренеді. Ең соңында келген уақытта балалар мамандық иесі болып шығады. Осы экологиялық бағытта ғылыми жұмыстармен айнплысып, жобаларға қатысып, орын алуда.
Тегтер #Қызылорда облысы #Шиелі ауданы #Таза Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz