Алматының экологиялық жағдайын жақсарту үшін Еуропа елдерінің тәжірибесін енгізу қажет.
Нақтырақ айтсақ, ауа ионизаторларын орнатуды қарастырып, қалаға сырттан келетін көлік ағынын азайту үшін ауылдық жерде жұмыс орындарын ашу қажет. Бұл туралы «Алматының экологиялық жағдайы» атты алқалы жиында айтылды. Талқыға Ұлттық құрылтай мүшелері, Қоғамдық кеңес өкілдері, ғылыми қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ экологтар мен белсенділер қатысты. Жиынға қатысушлардың айтуынша, өндірістен бөлінген қалдықтарды азайтып, экологиялық бақылаудың ашық жүйесін енгізу қажет. Бұл мәселе Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған болатын. Бүгін соны іске асыру туралы мамандардың ой-пікірі тыңдалды. Басқосуға қатысушылар тиісті ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттік органдарға жолдайды.
Ислам Байрамуков, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі:
- Көптеген еуропалық елдерде, атап айтқанда, Нидерландыда, осындай технология бар. Олар ауа ионизаторларын орнатып, 800 метрден 3 шақырымға дейінгі аумақты таза ауамен қамтып отыр. Бұл құрылғылар үлкен шаңсорғыш сияқты жұмыс істейді.
Тегтер #Алматы #экологиялық ахуал #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz