RU
Толық нұсқаға өту

Таза Қазақстан: Павлодарда сыйлық алаңы ұйымдастырылды

20.05.2025, 22:13 360

Павлодардағы саябақтардың бірінде ерекше форматтағы жәрмеңке өтті, деп хабарлайды 24KZ. «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында құрылған «DARMARKA» экология, шығармашылық және әлеуметтік жауапкершілікті біріктіруді мақсат еткен.

Бұл жерде сауда жоқ. Тек сыйға тарту, айырбастау және өзара қолдау көрсету принципі жұмыс істейді. Қатысушылар өздерімен бірге қажет емес заттарын әкеліп, оларды өзгелерге сыйлайды немесе алмастырады. Арасында кітаптар, өсімдіктер, үстел ойындары, ойыншықтар және тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар бар. Шара аясында жергілікті қолөнер шеберлері экологиялық таза өнімдерін ұсынды. Ал шығармашылықты бағалайтындар үшін, ашық микрофон алаңы ұйымдастырылған. Кез келген адам өз өнерін ортаға сала алады.

Гүзел Капенова, «Жасыл ел» қалалық штабының менеджері:

- Біз кісілерге кітаптарды алмастырып, өздерінің керек емес, оқып тастаған кітаптарын беруге мүмкіндік бердік. Сонымен қатар басқа осы қызық кітаптарды өтіп бара жатқан адамдарға немесе осы біздің іс-шараға қатысқан адамдарға тегін, төлемсіз бір-біріне айырбастау ретінде беруге мүмкіндік берілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz