RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда мұнай компаниясына экология заңын бұзғаны үшін ₸900 млн айыппұл салынды

21.05.2025, 19:48 548

Атырау облысында мұнай өндіруші «ANACO» компаниясына ауаны ластағаны үшін 900 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды 24kz.

Атырау облысы бойынша экология департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде Жылыой ауданындағы «Қырықмылтық» кен орнында ауаға заңсыз ілеспе газдардың шығарылғаны анықталды. Мамандардың мәліметінше, атмосфераға тараған зиянды қалдықтар рұқсат етілген нормадан бірнеше есе асып кеткен. Экологиялық талаптармен келіспеген компания, алдымен Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына, артынша Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым түсірген. Алайда облыстық сот экология департаментінің талаптарын заңды деп тауып, алғашқы сот шешімін күшінде қалдырды. Осылайша, компания мемлекетке келтірілген экологиялық зиян үшін айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ардақ Оралова, Атырау облысы бойынша экология департаментінің бас маманы:

- «ANACO» ЖШС-іне қатысты Атырау облысы бойынша экология департаментімен атмосфералық ауаға рұқсатсыз ілеспе газды шығарғаны анықталды. Осыған орай «ANACO» мекемесіне ҚР ӘҚК 328-бабының 1-бөлігінде көзделген заңбұзушылық іс қозғалып, әкімшілік айыппұл салынды. 897 млн 024 мың 322 теңге сомасында. Қазіргі таңда осы айыппұл өндіру сатысында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz