RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлдық жастар Алакөлдің жағалауын қоқыстан тазалады

21.05.2025, 21:16 367

Петропавлдық жастар «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Алакөл көлінің жағалауын ретке келтірді, деп хабарлайды 24kz.

Экологиялық шараға 70-ке жуық адам қатысты. Студенттер мен еріктілер шомылу маусымы алдында, су айдыны аумағын қоқыстан арылтты. Осылайша, қала тұрғындарын табиғатты аялап, көлдің маңын таза ұстауға шақырды. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде 600-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды. Жастар апта сайын сенбілікке шығып, қоғамдық орындарды абаттандырады.

Жұлдыз Тоқтарқазы, Жастар ресурстық орталығының маманы:

- Шомылу маусымы алдында тазалықтың болуы шарт әрине. Сондай-ақ шомылу кезеңінде біз қауіпсіздік туралы брашюралар таратамыз. Шомылу маусымы біткеннен кейін де тазалық жұмыстары бұл жерде жүре бермек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz