RU
Толық нұсқаға өту

Астанада эконауқан аясындағы жарыстың жеңімпазы анықталды

22.05.2025, 17:41 450

Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық жарыс ұйымдастырылды.

Сайыс мақсаты - қала тұрғындарын қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға шақыру, әсіресе өскелең ұрпақты табиғатты аялауға үйрету. Жарыс қатысушыларына түрлі бағалы сыйлықтар табысталды.

- 1 ай бұрын әлеуметтік желіде экологиялық науқан аясындағы жарыстың басталғаны жарияланды. Талапқа сай, Байқоңыр ауданының әр тұрғыны кем дегенде 30 пластик бөтелкені жинап, оны Аманат партиясының филиалына өткізуі тиіс еді. Осылайша билет алып, сайыс қатысушысы атануы керек. Бүгін сол жарысқа қатысушылар акция шеңберіндегі «Таза бейсенбі» сенбілігіне шақырылып, жеңімпаздар сол жерде анықталды.

Сергей Матюшенко, «Amanat» партиясы Байқоңыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы:

- Біз ол бутылкаларды әрі қарай экологиялық полигонға жіберетін боламыз. «Таза бейсенбі» акциясы апта сайын өткізіліп жатыр, ол бүкіл қалада бар. Екінші жыл бізде осы акция жүріп жатыр.

Сенбілік соңында салтанатты шараға кезек келді. Ең қызығы, жеңімпаз арнайы барабан арқылы кездейсоқ таңдау әдісімен анықталды. Нәтижесінде 30-дан астам пластик бөтелке жинаған 1-курс студенті Диляра Ысқақованың бағы жанып, жеңімпаз атанды. Айта кетейік, сайысты Байқоңыр ауданы әкімдігі Аманат партиясы «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесе ұйымдастырған.

Диляра Ысқақова, жеңімпаз:

- Эпл-уотч сағаты берілетінін осындай сыйлық екенін білген жоқпын. Тек бүгін білдім. Бұл акция маған өте көп мотивация берді осы эпл-уотчты ұтып алу үшін. Жастарды және қала тұрғындарын осы Таза Қазақстанға тазалыққа шақырамын. 

Сұңғат Жоламан, жарысқа қатысушы:

- 400 бөтелке жинап өткізген болатынмын. Осының нәтижесінде бүгін конкурсқа қатысып, СФ Шаурма фудтан сертификат ұтып жатырмын.

Жалпы байқауға 50-ден астам азамат қатысып, 1500-ге жуық пластик бөтелке жиналған.

Альмира Оразбай, Бағдат Қайыркен

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz