RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында су айдындарында бақылау күшейді

22.05.2025, 23:00 435

Қызылорда облысындағы су айдындарында бақылау күшейді.

Қазір балықтардың уылдырық шашатын кезеңі басталды. Осыған байланысты су маржандарын 10 маусымға дейін аулауға тыйым салынды. Дегенмен, өзен-көл жағалағандар ау лақтырып, мол балықты олжалап қалуды доғарар емес. Арал аудандық балық инспекциясының мамандары осы айда бір әкімшілік құқық бұзу дерегін тіркеп, істі сотқа жолдады. Ал жыл басынан бері заңсыз балық аулауға қатысты 60 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

Есенбай Есіркепов, балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

- Кіші Арал теңізінде өздеріңізге белгілі Дельта табиғи қорғау аумағы бар. Соның күзет аймағынан ұсталды. Шөмішкөл елді мекенінің екі азаматы ау салып, аулап жатқан жерінен ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында. Дегенмен, біздің естіп отырғанымыз, табиғатқа келтірген залалын төледі, деді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz