RU
Толық нұсқаға өту

Семейде экологиялық акция аясында 46 мың түп ағаш егілді

29.05.2025, 21:10 1470

Семейде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 46 мың түп ағаш егілген, деп хабарлайды 24KZ. Қазір сенбіліктер қарқынды жалғасып жатыр. Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен колледж студенттері Ертіс өзенінің жағалауын ретке келтірді.

Жалпы жыл басынан бері өңірде 1777 саябақ пен сквер, 733 тарихи ескерткіштің аумағы тазартылды.

Ерсінбек Өрлеубек, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

- Облысымызда 150 мыңға жуық жас бар. Барлығы да осы сенбілік жұмыстарына атсалысуға тырысады. Жыл басталғалы бері әр сенбі сайын өңіріміздің аудандарында, Семей қаласында көптеген жастарымыз алдыңғы қатарда жүріп, өздерінің белсенділіктерін танытып, өңірімізді таза ұстауға өз үлестерін қосып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz