Экологиялық бастамаға «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері атсалысты, деп хабарлайды 24kz.
Жергілікті әкімдік: «Көшеттерді суаратын арнайы техникамен қамтамасыз етсе, коммуналдық мекеме өкілдері ағаштарды күн сайын суарып тұрамыз», - деді. Аптап ыстық болған күндері жасыл желекке ерекше күтім қажет. Жаз бойы қалалар мен аудандарда өтетін абаттандыру жұмыстарына «Жасыл елдің» мыңнан астам мүшесі тартылмақ.
Айдос Әділбеков, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:
- Бұл акцияның басты мақсаты – қаламызды жасылдандыру, ары қарай көркейту болып табылады. Бұл жерге «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары, сонымен қатар белсенді эковолонтерлеріміз қатысып отыр. Бұл жерде үш жүзден астам көшет отырғызылатын болады.
Тегтер #Өскемен #Еріктілер #Таза Қазақстан #Жасыл елPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz