RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында балалар Балықты көлінің жағалауын қоқыстан тазалады

05.06.2025, 23:29 526

Түркістан облысының Түлкібас ауданында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен 200-ге жуық оқушы Балықты көлінің жағалауын қоқыстан тазалады, деп хабарлайды 24kz.

Табиғат жанашырлары аумағы 1 гектардан асатын көлдің жиегін тұнба баЛдырдан арылтты. Сондай-ақ бүлдіршіндер табиғат аясында сурет салу байқауына қатысты. Өнерлі оқушылар көл жағасында отырып, табиғаттың әсем көрінісін қағаз бетіне түсірді. Табиғатты қорғау акциясының мақсаты – қоғамның экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениетін қалыптастыру.

Айта кетейік, ұлттық парк аумағын 59 түрлі аң мен 300-ге жуық құс мекендейді. Олардың біразы Қызыл кітапқа енгізіліп, арнайы қорғауға алынған. Бұдан бөлек, 1 мың 600-ден астам ағаш және дәрілік өсімдіктердің бай қоры бар. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылды.

Қарақат Сүйінбай, оқушы:

- Мен бұл суретпен ағаш, өзен, көлдерді, мөлдір суымды көрсеткім келді. Бұл суретті мен бейнелеу үшін неше түрлі әдемі, жарқын түстермен суретімді ашық көрсеткім келіп тұр.

Бақыт Айнабеков, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:

- 23 наурыздан бастап 5 маусымға дейін 19 шара өткіздік. Соның ішінде бізде 10 мектеп орманшылығы бар. Солармен бірге ағаш отырғыздық, үйреттік. Қазіргі таңда сол ағаштардың барлығы өсіп келеді. Тәжірибе сабақтарында мектеп оқушылары сол өздері отырғызған ағаштарды баптап, баулап жүр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz