RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда еріктілер туризм орталығының аумағын ретке келтірді

18.06.2025, 21:20 396

Павлодарда Жастар бастамаларын дамыту орталығының волонтерлері «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында экологиялық акция өткізді.

Олар балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығына барып, гүлзарларды арам-шөптен тазартып, жан-жағын ретке келтірді.  Аумағы үш жарым гектар болатын ботаника кешенінде еріктілерге жұмыс көп.   Олардың айтуынша, мұндай қарапайым еңбек  командалық рухты нығайтып, жасөспірімдерді табиғатты аялауға тәрбиелейді.

Анастасия Легович, волонтёрлік орталықтың инспекторы:

- Біз экология және туризм орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Әртүрлі экологиялық іс-шаралар, еріктілерге арналған экскурсиялар, экологиялық тақырыптағы балаларға арналған түрлі ойындар өткіземіз. Орталықтың айналасындағы жасыл желекті күтіп баптауға атсалысамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz