RU
Толық нұсқаға өту

Жезқазған жастары су қоймасының жағалауын тазалады

19.06.2025, 23:30 361

Жезқазған жастары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысып келеді, деп хабарлайды 24KZ. Бұл жолы қаладағы колледж студенттері Кеңгір су қоймасының жағалауын тазалады.

«Ауыл» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған шарада жастар жаз мезгілінде халық демалатын аймақта қоқыс жинады. Саяси ұйым өкілдерінің айтуынша, олар еріктілермен бірге экологиялық акцияларға жүйелі түрде қатысып тұрады. «Басты мақсат – туған жерге қамқорлық көрсету», – дейді белсенділер.

Абзал Жиенбаев, «Ауыл» партиясының Ұлытау облысы бойынша төрағасы:

- Келесі уақытта басқа елдер біздің тазалығымызды көріп, бізге таңғалу керек деп ойлаймын. Енді бұл бүгін айтып, ертең болатын шаруа емес, бұған жұмыс істеу керек, ол үшін ұрпақ тәрбиелеу керек. Мына жастар қанаты, біз енді «Ауыл» партиясы болып жұмыс жасап жатырмыз. Келешекте осы өскен ұрпақ елімізді дамытып, еліміздің жақсы бір сипаттан көрінуіне себепші болады деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz