RU
Толық нұсқаға өту

Сайран көлінің аумағында 120 қоқыс жәшігі қойылды

25.06.2025, 17:00 393

Алматыда күрделі жөндеуден өткен Сайран көлінің аумағында полиция мен еріктілер рейд жүргізді, деп хабарлайды 24KZ. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған.

Қазір Сайранға күн сайын шамамен 4 мыңға дейін адам келеді. Аумақтағы тазалықты сақтау үшін 120-дан аса қоқыс жәшігі қойылған. Тәртіпті бейнебақылау камераларымен де қадағалайды. Күн сайын коммуналдық қызметкерлер жағалаудан 5 тоннаға дейін қоқыс шығарады. Рейд барысында полиция өкілдері тұрғындардың қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Еріктілерден құралған мониторингтік топ көл маңайын шомылу маусымы аяқталғанша бақылайды. Сақшылардың айтуынша, рейд басталғалы бері қоқыс мөлшері айтарлықтай азайған.

Бағдат Анарбаева, қалалық еріктілер фронт-офисының жетекшісі:

- Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Одан бөлек, ластанған жерлері болса, сол жерді тазартып, тазалық сақтауға тырысамыз. Сондықтан бұл жобаға бізде қаламыздың волотерлері, экорейнджерлері, «Жасыл ел» қозғалысының белсенділері жалпы белсенді тұрғындарымыз да қатысып жатыр. Сондықтан қазіргі таңда енді сенбілік өткеннен кейін біз де барынша тазалықты сақтауға тырысып жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz