Атырау қаласында өткен «Отбасылық құндылықтарды нығайту жолы» атты алқалы жиын барысында “Таза Қазақстан” жобасының маңызы қайта сараланды.
Басқосуға өңірдің ардагерлері мен белсенді қоғам мүшелері қатысты. Олар жобаның экологиялық тәрбие берумен қатар, отбасылық институтты қолдауға да сеп болатынын айтты. Қатысушылар «Таза Қазақстан» тек экологияға қатысты бастама емес, ұрпақ тәрбиесіне де зор әсер етеді деп есептейді. Бүгінде Атырау қаласының 5 ауылдық округінде «Әжелер алқасы», ал 40-тан астам мектепте «Әкелер кеңесі» жұмыс істеп келеді. Бұл құрылымдар жастардың бойына мейірім, ізгілік пен ұлттық рухты дарытуға бағытталған. 2025 жылдан бері Атырауда 6 мәрте экологиялық сенбілік ұйымдастырылған. Оның нәтижесінде 50 мың тоннадан астам қалдық, сыртқа шығарылды. Жыл соңына дейін Атырау облысы бойынша 50 мың түп ағаш егу жоспарда тұр.
Нұржан Ермұханов, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:
- Экологиялық сананы қалыптастыруға байланысты көптеген шаралар іске асырылып жатыр. Соның бір дәлелі бүгін экологиялық мәдениет пен отбасы құндылықтарын ұштастырып, арнайы ардагерлеріміз бен ҮЕҰ және студенттер мен жастардың әртүрлі дөңгелек үстелдерге тартып, экологиялық сағат-кездесулер өткізіп, үйін таза ұстауы, баласының, санасының таза болуы біз өте маңызды. Сол үшін де осы бағытта жұмысымызды жалғастыра береміз.
Тегтер #Таза Қазақстан #Атырау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz