RU
Толық нұсқаға өту

Тереңкөл ауданындағы жастар ерекше экологиялық шара өткізді

14.07.2025, 21:54 359

Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы жастар табиғатты насихаттаудың тың тәсілін таңдады, деп хабарлайды 24kz.

Олар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Сен – табиғаттың үнісің» атты экологиялық шара өткізді. Іс-шараға мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Бағдарламада танымдык ойындар, шығармашылық байқаулар және экологиялық квесттер болды. Қатысушылар лас суды тазарту, бананның құрамын зерттеу сияқты тәжірибелер жасап, экология мәселелерді шешуде белсенділік танытты.

Майра Жақыпова, «Aldaspan» жастар орталығының директоры:

- Біз шараны жастарға қызықты әрі пайдалы етуге тырыстық. Олар жаңа ақпарат алып қана қоймай, ойлануға, сараптауға және топпен жұмыс істеуге үйренді. Осындай жобалар экологияға деген жауапкершілікті қалыптастырады.

Әли Омар, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының командирі:

- Маған бұл шара өте ұнады. Біз бірге талқыладық, жауап іздедік. Әр адам экологияны жақсартуға кішкентай қадаммен де үлес қоса алады. Осындай іс-шараларға тағы да қатысқым келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz