Арқалықта «Жасыл ел» жасақтары қала тұрғындарымен бірлесіп, саябақтар мен аулаларды қоқыстан тазалады, деп хабарлайды 24kz.
Экологиялық шараға 200-ден аса адам қатысты. Игі шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтті. Аталған науқан басталғалы Арқалық пен оған қарасты 12 елді мекеннен 60 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.
Абай Брахметов, Арқалық қ. ТҮКШ, Жолаушылар көлігі, автожолдар және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:
- Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен 4 мың көшет егілді. Бұған 50 миллион теңге жұмсалды. Ал демеушілердің көмегімен ауылдарда 1,5 мың ағаш егілді.
Тегтер #Арқалық #Таза Қазақстан #Экоакция #қоқысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz