RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында экологиялық рекорд тіркелді

22.07.2025, 19:40 516

Павлодар облысында соңғы жылдары болмаған көлемде ауқымды экологиялық жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды 24KZ. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өңірлік филиалы 33 мың гектардан астам лиманды суарып, табиғи жүйелерді қалпына келтіруге тың серпін берді.

Сонымен қатар тағы 12 мың гектар алқапқа су жеткізіліп, аймақтағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға ықпал етті. Суармалы лимандар жайылымдарды жақсартуға, флора мен фаунаның қайта қалпына келуіне, сондай-ақ жергілікті мал шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына мүмкіндік береді.

Арман Оспанов, «Қазсушар» РМК Павлодар филиалының директоры:

- Бұл шаралар табиғатты сақтау, флора мен фаунаны қорғау, сондай-ақ Шығанақ пен Басентин көлдерінің су деңгейін арттыру үшін жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар лимандарда мал азығына қажетті шөп жақсы өседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz