RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында киелі орындар қоқыстан тазартылды

28.07.2025, 22:14 470

Тазарған жерлер ішінде Семей іргесіндегі «Қасиетті кілт» бұлағы да бар. 

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткен шараға, мыңнан астам тұрғын қатысты.

«Қасиетті кілт» бұлағы аумағының өзінен бір күнде он қап қоқыс шығарылды. Экологиялық акцияға «Жасыл ел» жасақтары мен Бесқарағай ауданындағы белсенділерінен құралған 55 адам жұмылдырылды. Олар апта сайын сенбілікке шығып тұрады. Алайда табиғатты ластаушылар азаяр емес.

Шыңғыс Арман, "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбазы:

- Жасөспірімдер қасиетті орындағы тазалықты сақтауға баса мән бермейді. Олар ішкен сусындарының қалбырын осында тастап жүре береді. Оларға тазалықты сақтап, қоршаған ортаға көзіміздің қарашығындай қарау керектігін айтқым келеді.

Зухра Тілеуқожинова, волонтёр:

- Аталмыш экологиялық акцияға Бесқарағай ауданының жастары әрдайым апта сайын шығуға және белсенді атсалысуға тырысамыз. Біз бұл акцияны қолдаймыз және барлық қазақстандықтарды, облыс тұрғындарын және жастарды осы аталған акцияға қатысып, елімізді, Қазақстанымызды таза сақтауға шақырамыз.

Бесқарағай ауданындағы қоқыс тастау орындарына жыл басынан бері 200 тоннадай тұрмыстық қатты қалдық шығарылды. Экологиялық іс-шаралар табиғи-мәдени аумақтар мен әлеуметтік нысандардың алдында да қызу жүріп жатыр. 

Жан Әлжанов, Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы:

- «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында осы күнге дейін 130-дан астам экологиялық акция өткізілді. Ол акциялардың қатарында жаңағы Бесқарағай ауданындағы шипалы көлі, сонымен қатар Ақкөл мешіті осы «Қасиетті кілт» аумағы, сонымен қатар аудандағы саябақтар, ауыл көшелері, «Семей орманы» филиалдарының әкімшілігі отыратын ғимараттарының аумағында осындай экологиялық акциялар жүргізілуде.

Абай облысы аумағынан өткен алты айда 37 мың тонна қоқыс шығарылды. Экологиялық акция алдағы уақытта да жалғасады.

Ардақ Айбарұлы, Ботакөз Дәндібаева, Медет Өмірханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz