RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде төрт жылда 1,1 млрд ағаш егілді

06.08.2025, 08:42 417

2020 жылы Мемлекет басшысы бес жылда 2 млрд түп ағаш егу туралы тапсырма берген еді, деп хабарлайды 24kz.

Биыл сол тапсырма орындалу керек еді. Алайда орындалу мерзімі екі жылға, яғни, 2027 жылға шегерілді. Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мұның себебін түсіндірген-ді. Оның айтуынша, жергілікті әкімдіктер жеткілікті мөлшерде қаржы бөлмеген. Салдарынан 2021-2023 жылдарға жоспарланған жұмыстың тек 75%-і орындалды. Жалпы 4 жылда республика бойынша 1 млрд 150 млн шыбық егілді. Негізінен 1-2 жылдық өскіндер таңдалды. Қазір елде 251 орман тәлімбағы бар. Олардың аумағы 3 мың гектардан асады. Бұл тәлімбақтар бір мезгілде 280 млн-нан астам шыбық дайнындай алады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz