Жамбыл облысында Талас өзенінің жағалауы да қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24kz.
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясына «Amanat» партиясының белсенділері мен еріктілер қатысты. Түймекент орта мектебінің ұжымы мен ауылдың тұрғындары да атсалысты. Жазда өзен жағасына демалуға келетіндер көбейеді. Алайда тазалық сақтайтындары аз. Су арнасы мен жағалау қоқысқа толып қалған. Акцияға қатысқандар жағалауды ретке келтіріп, қураған ағаш-талды да жинап алды. Жалпы жыл басынан бері өңірде «Таза бейсенбі» акциясына мыңнан астам адам қатысып, 21 тонна қоқыс шығарған.
Индира Спаналиева, «Аманат» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы:
- Талас өзенінің бойын қазір өте көп қалдықтардан тазалап жатырмыз. Белсенді партия мүшелеріне үлкен алғыс білдіреміз. Осы жұмыс жалғасын таба берсін. Жалпы адамзаттың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы партияның осындай жобасы игі істердің бастамасы болып табылады. Барлықтарыңызды тазалықты сақтауға және де экологиялық мәдениетті дамытуға шақырамын.
Тегтер #Жамбыл облысы #Талас өзені #экологиялық акция #AMANAT партиясы #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz