RU
Толық нұсқаға өту

Оралда «Абай» даңғылы абаттандырылды

07.08.2025, 21:49 409

Оралда бір топ ерікті «Абай» даңғылында ауқымды тазалық шарасын өткізді, деп хабарлайды 24kz.

Белсенді жастар білек сыбана кіріскен игі шара қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналып отыр. Еріктілер көпқабатты үйлердің айналасын жинастырып, балаларға арналған ойын алаңдарын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ әткеншектер мен көше орындықтарын сырлап, ретке келтірді. Игі іске қала халқы дән риза. Айта кетсек, белсенді жастар хәкім Абай дүниеге келген 10 тамызға дейін 50 үйдің ауласын жөнге келтіруді жоспарлап қойған. Соның үшеуі осы даңғылдың бойында тұр.

Нұрсұлтан Сәрсенбаев, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысының орынбасары:

- Абай – қазақ әдебиетіне, философиясына үлкен үлес қосқан кемеңгер. Мың жылда бір рет туатын тұлға деп жатамыз. Осы тұлғаның еңбегі жастарға сіңсін деген мақсатта Абай күнінде көптеген шараларды да осымен қатар ұйымдастырып жатырмыз. Енді бүгін тазалықтан бастап жатсақ, алдағы уақытта Абай шығармашылығына да жаңа үлес қосқымыз келіп жатыр.

Жұмагелді Досжанов, қала тұрғыны:

- Жастар келіп, тазартып, бәрін ұқсатып жатыр. Ендігі болашақ сіздердің қолдарыңызда ғой. Жастардың қолында. Мың да бір рақмет, келіп ауламызды жаңартып жатқандарыңызға. Қазақстанда волонтер дегендер ұлғая берсін, көбейе берсін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz