RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда Усолка өзенінің жағалауы тазартылды

14.08.2025, 15:33 410

Павлодарда «Жасыл ел» еңбек жасағы Усолка өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.

Жаз бойы бұл жұмыстарға 500 адам атсалысты. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жер байлығы» акциясын өткізуге белсенді жастар өздері ниет білдірген. Олар халық көп жиналатын аумақтардан екі тоннадан астам тұрмыстық қалдық жинады. Жастар тек тазалықпен шектеліп қоймай, қала тұрғындарына қоршаған ортаны қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Айта кету керек, Усолка өзенінің  жағасы ғана емес, суы да ластанып барады. Сондықтан болашақта өзен түбін тазарту жоспарланып отыр.

Гүзел Қапенова, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағаның штаб командирі:

- Біз «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жер байлығы» атты іс-шараны өткізіп жатырмыз. Осы Усолка шағын ауданының жағалауларын тазалаймыз және осы адамдар демалатын жерлердің барлығын, қоқыстарды жинап осы жағажайды реттеуге, тазалауға өз үлесімізді қосатын боламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz