RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда «Таза Қазақстан» шеңберінде интерактив ұйымдастырылды

15.08.2025, 17:28 488

Петропавлда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде ашық аспан астында экологиялық интерактив ұйымдастырылды.

Белсенді жастар қала тұрғындарымен зияткерлік ойын ойнап, қоршаған ортағы қорғауға қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар олар көшеге пластик, қағаз, шыны қалдықтарына арналған жәшіктер орнатып, халықты қоқысты сұрыптап төгу мәдениетіне шақырды. Жалпы өңірде жыл басынан бері жалпыұлттық акция аясында 850 іс-шара өтті. Еріктілер әр апта сайын сенбілікке шығып, қоғамдық орындарды ретке келтіреді.      

Сәлімхан Сәбитов, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының мүшесі:

- Жалпы өзгеріс бар. Қаланың ішінде де өзгеріс бар деп есептеймін.  Тұрғындар өздері мына қоқысты жаңағы айтқандай бөліп-бөліп жинайтын болыпты. Бұрын енді бұл мәдениетке назар аудармағандықтан ба, бәрі бір жерге ғана жинап, үйіп салатын. Қазір енді бөліп-бөліп жинайтыны көрініп тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz