RU
Толық нұсқаға өту

Жетісуда өзен-көлдердің жағасы қоқыстан тазартылды

15.08.2025, 23:18 505

Жетісу облысындағы су айдындарының маңы да тазаланды.

Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында өткен  сенбілікке жергілікті әкімдік пен белсенділер қатысты. Олар қайнар көздерін ашып, шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинастырды. Сонымен қатар табиғат жанашырлары «Жасыл ел» жасағымен бірге Балқаш көлінің жағалауын ретке келтірді. Демалыс аймағына қатынайтын жол салынғалы бері тынығушылар саны едәуір артқан. Сәйкесінше қоқыстың  көлемі де көбейіп отыр. Осыған байланысты қоғамдық бірлестік өкілдері аудандарда арнайы оқыту семинарларын ұйымдастырып, экобелсенділер қатарын толықтыруды қолға алды.

Әлия Ахмедиева, «Жасыл ниеттестік» ҚБ жетекшісі:

- Біздің экобелсенді болып біздің мақсатымыз қоғамдық көтеріп, оларды экобелсенділікке шақыру. Халық бұндай проблемаға жиі көңіл аударып, отыру керек. Бәріміз біріккенде ғана осындай мәселе шешіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz