RU
Толық нұсқаға өту

Абай қаласында сұрыптау желісі бар қоқыс полигоны салынып жатыр

21.08.2025, 23:43 455

Қарағанды облысының Абай қаласында жылына 15 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық сұрыптайтын заманауи қоқыс полигоны салынып жатыр.

Мұнда шикізатты уақытша сақтауға және қалдықты көмуге арналған алаңдар бар. Сонымен қатар электронды таразы, сұрыптау және сығымдау қондырғылары орнатылады. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан нысан құрылысымен Мәжіліс депутаты Никита Шаталов танысты. Облыс аумағында 2027 жылға дейін осындай сұрыптау желісі бар алты полигон салу жоспарланған.

Никита Шаталов, ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты:

- Мұндай қоқысты сұрыптайтын желісі бар полигон өте тиімді. Бұрынғыдай тұрмыстық қалдықтар шашылып жатпайды. Осы жерден қайта өңдеуге жіберіледі. Бұған қоса жаңа жұмыс орындары ашылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz