RU
Толық нұсқаға өту

Қалдықтарды өңдеу бойынша 67 жоба мақұлданды

26.08.2025, 15:50 323

Елде тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бойынша 67 жоба мақұлданды.

Оларға 346 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары брифингте баяндады. Сонымен қатар заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Былтыр мұндай 5 мыңға жуық полигон анықталса, соның 93 пайызы жойылған. Экологиялық талаптарды бұзған 87 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Ерболат Қожықов, ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

- Оның ішінде 10 адамнан астамы аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары. Жалпы сомасы 12,4 млн теңге айыппұл бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Абай, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, СҚО және Шымкент қаласында (полигондарды) жоюдың төмен көрсеткіштері байқалады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz