RU
Толық нұсқаға өту

Жезқазғандағы 22 мектепке экобокстар орнатылады

27.08.2025, 22:37 341

Жезқазғандағы 22 мектептің барлығына қоқыс қалдықтарын бөлек-бөлек жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылады.

Шыны, пластик және картон қалдықтарын жеке-жеке жинауға арналған экобокстар әзірге 7 білім ошағына қойылды. Жоба «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынған. Мұндағы мақсат – оқушылардың қоқысты сұрыптау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру. Ел бойынша Астана мен Жезқазғанда басталған пилоттық жобаны «Жасыл даму» ұйымы жүзеге асырады. Олар оқушыларға сұрыпталған қоқысты одан әрі қайта өңдеу және кәдеге жарату жолдарын түсіндіреді. Ынталандыру мақсатында ең көп қоқыс жинаған ұжымға бағалы сыйлықтар беріледі.

Күлпаш Мұқашева, мектеп директоры:

- Бұл жиналған қалдықтарды көбінеки жаңағы арнайы мекеме бар, соларға хабарласып, содан кейін ол кісілер өздері алып кетіп отырады. Қоқыстарды бөлек-бөлек тастауға дағдыланып, кейін қайтадан өңделіп, қайтадан жаңа өмір берілетінін оқушыларға түсіндіру. Бұл негізі үлкен бастама деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz