RU
Толық нұсқаға өту

Кеңгір көлінің жағалауы тазартылды

02.09.2025, 16:25 403

Жезқазғанда 100-ге жуық адам Кеңгір көлінің жағалауын тазалады.  

«Таза су айдындары» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға  балық шаруашылығы инспекциясы мен балықшылар және аңшылар қоғамдық бірлестігі, төтенше жағдайлар департаменті мамандары мен еріктілер қатысты. Қала тұрғындары жаз бойы осы жасанды қөлдің жағалауында демалады. Сондықтан биыл да тұрмыстық қалдықтар көп. Табиғат жанашырлары экологиялық акцияны алдағы күндері өңірдегі өзге де өзен-көлдердің жағалауында ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Ержан Төлебеков, балық инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Акцияға 2 ауыр жүк техникасы, 1 автобус, 15 автокөлік жұмылдырылып жатыр. акцияның мақсаты – жағалау маңайын қоқыстан тазалау, иесіз тасталған ау жабдықтарды тазалау. Қала тұрғындарын табиғатты аялап, тазалыққа шақырамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz