RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте бұрынғы қоқыс полигоны саябаққа айналады

03.09.2025, 20:37 418

Шымкентте бұрынғы қоқыс полигонының үстіне 1 млн текше метрден астам таза топырақ төселді, деп хабарлайды 24kz.

Экологиялық ахуалды жақсарту үшін жер бедері 2 метрге көтеріліп, толық тегістелді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен аумақты абаттандыру барысын Қоғамдық кеңес мүшелері бақылауға алды. Қазір 45 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі тартылып, ұңғымалар қазылған. Жоспар бойынша осы күзде қарағаш, емен, жиде, үйеңкі көшеті егіледі. Барлық жұмыс демеушілер есебінен атқарылады.

Айта кетейік, қоқыс полигонының орнын жасыл желекке айналдыру ісі көптен бері көтерілген болатын. Енді мониторигтік топтар жер игеру талаптарының сақталуын бақылауда ұстамақ.

Бұхарбай Парманов, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы:

- Бақылау міндетті түрде жүргізіліп жатыр. Демеушілердің есебінен жасалғанның өзінде де асты қоқыс болған соң көмірқышқыл газы көшеттерді қуартып жіберуі мүмкін. Оның барлығы да есепке алынды. Ғылыми түрде экологтармен зерттеліп, барлық технологиясы, ағаштардың егілуі, жер топырағы қандай қалыңдата төселуі бойынша бақылау жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz