Ақтау жағажайы кезекті рет күл-қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24kz.
Теңіз жағалауына таңсәріден 600 адам жиналды. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, полицейлер мен мұнай компанияларының өкілдері бар. Волонтерлер де игі шараға белсене атсалысты. Көпшілік бірер сағат ішінде 9 шақырым аумақтан қоқыс жинап, арнайы полигонға жөнелтті. Жалпы жаһандық акцияға орай Маңғыстаудың барлық елді мекенінде сенбілік өтіп жатыр.
Армат Жүсіпқалиев, Экология департаментінің басшысы:
- Бұл акцияны біз жыл сайын өткізіп отырамыз. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша 5 локацияға бөлінген болатын. Соның бір локациясы осы жердегі жағажай. Бұрынғы жылдарға қарағанда тазалығымыз жақсарып келе жатыр. Тұрғындардың осыған немқұрайлықпен қарамай тазалықты жүргізіп жатқанын білдіреді деп ойлаймын.
Тегтер #Ақтау жағажайы #қоқыс #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz