RU
Толық нұсқаға өту

«Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру басталды

24.09.2025, 09:40 505

«Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жасанды қойманың айналасына 1 млн түп сексеуіл егіліп, озық үлгідегі суару жүйесі орнатылады. Осылайша, мамандар аумағы 600 гектардан астам жерді көгалдандырады. Мақсат - улы көлден ауаға таралатын шаң-тозаңды азайту.

«Қошқар ата» қалдық қоймасын залалсыздандыру өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған жобаның бірі. Жоспар бойынша келесі аптадан бастап 1 млн сексеуіл көшетін егу жұмыстары басталуы тиіс. Қазіргі кезде жасанды қойманың айналасына темір қоршау орнатылып жатыр.

Әділет Қарашбай, мердігер:

- Биыл осы 640 гектар жер қоршалып, 770 мың түп сексеуіл көшеттері егілуі керек. сосын келесі жылы қосымша тағы 170 мың сексеуіл көшеті егіледі. Бұл жалпы 3 жылдық жоба ретінде жобаланған. Үш жылға 600 млн теңге қарастырылған. Жоба аяқталған кезде бұл жерде сексеуілмен толық көмкерілген участок пайда болады. 

Жасанды қойманы қоршау жұмыстары қазанда толық аяқталуы тиіс. Содан кейін жұмысшылар жер жыртуға кіріседі. Ал сексеуіл көшеттері Маңғыстау ауданы және өзге өңірлерден жеткізіледі. «Қошқар ата» аумағына егілетін өсімдіктің жергілікті климатқа төзімді болуына ерекше мән беріліп отыр.  

Сәбит Дүйсекенов, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Келер жылдың көктемінен бастап 2026 жылдың аяғына дейін суарылады. Және де бұл жерде кепілдіктері бар. Шықпай қалған сексеуіл болатын болса, 2027 жылы бұл кісілер қайтадан сол шықпаған сексеуілдің орнына жаңасын әкеліп, биоматериалдарды егеді.

Мамандардың мәліметінше, бұған дейін қойма аумағында кешенді зерттеулер жүргізілген. Нәтижесінде қоршаған ортаның радиоактивті ластануы шекті деңгейден аспайтыны белгілі болды. Айта кетсек, улы қалдықтар көмілген қойма айналасында бірнеше елді мекен орналасқан. Сол себепті «Жасыл қорғау аймағын құру жобасын» әзірлеп, оны 2026 жылы аяқтау жоспарланған. 

Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz