Каспий теңізінің тартылуына қатысты тұрғындар не дейді?
Ақтаулық ағайынның пікірін білдік.
Каспий теңізінің тартылып жатқаны алаңдатады. Ақтау Қазақстандағы бірден-бір қала бұл жаңағы Каспийден суды жұтып тұтынып отқан. Балаларымыз үшін, болашақтың болашағы үшін қауіпті өте.
- Бұл Ақтау тұрғындары үшін экономикалық дағдарыс. Себебі қала толығымен суға тәуелді. Әсіресе жаз мезгілінде бізде ауыз сумен мәселелер өте көп болады. Кейде су жетпесе, кей кездері толығымен тоқтап қалады. Бұл мәселелерді барынша жылдам шешу керек деп санаймын.
- Бұл зардапты шегіп жатырмыз. Оны жоққа шығаруға болмайды. Себебі су тоқтап қалады, жарық тоқтап қалады мезгіл-мезгіл. Оның барлығын осы Каспий теңізінің тартылуымен байланыстырамын.
- Егер дер кезінде қолға алмаса, бұл қалада өмір сүрудің өзі қорқынышты болады деп ойлаймын. Себебі болашақта теңіз жаңадан қатты алыстаса, үлкен экологиялық проблема пайда болуы мүмкін. Өйткені қала толығымен теңіз суына тәуелді.
- Әрине теңіздің тартылып жатқаны көрінеді,байқалады. Себебі біз деген жағалау жақта серуендеп жүрген кезде теңіздің иісі шығып бастайды, балдырлардың иісі шығып бастайды. Ол деген кәдімгі қала тұрғындары мен жаңағы туристтерге де өте ыңғайсыз.
- Менің бұл жерде тұрып жатқаныма 50 жылдан асты. Бұрынғы Каспий мен Қазіргі каспийдің айырмашылығы қатты сезіледі. Көз алдымызда тартылып бара жатыр. Экологиялық апаттың алдын алу үшін бұл іспен арнайы мамандар айналысуы қажет деп санаймын.
Тегтер #Каспий теңізі #блиц #экология #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz